Оқушылардың ғылыми байқауы алғаш рет онлайн режимде өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық мектеп оқушыларының ғылыми жобаларды қорғау байқауы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл туралы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Фейсбук парақшасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бастаманы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырды.

Ғылыми байқау 13-16 ақпан аралығында Алматыда өтті. Биылғы жылдың жаңашылдығы - оқушылар сайысын тікелей эфирден кез келген адам тамашалай алады. Жас ғалымдардың жобасы 19 секция бойынша өтті, атап айтқанда физика, информатика, биология, химия, экономика, тарих және тағы басқа пәндер.

Жобаға еліміздің барлық өңірінен 625 ғылыми жоба қатысты. Онлайн көрсетілім Edu.mail.kz ұлттық білім беру ашық платформасында жүрігізілді. Ондағы мәліметке сәйкес, аталған шараны екі күннің ішінде 132 мыңнан аса интернет қолданушысы қарап, бақылаған. Ең көп онлайн бақылау биология, химия және физика секциясы бойынша тіркелді.

Соңғы жаңалықтар