Оқушыларды вакциналау: Ата-аналар нені білуі керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №36 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Динара Қайыпова ҚазАқпарат тілшісіне жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы егу туралы айтып берді.

– Коронавирусқа қарсы вакцина егілетін адамға коронавирус инфекциясынан қорғайтын арнайы иммунитет беретіні белгілі. Ал, спецификалық иммунитет дегеніміз не?

- Біздің ағзамыздағы спецификалық иммунитетті (яғни белгілі бір аурудан қорғауды) қандағы ақуыз молекулалары-антиденелер ғана емес, сонымен қатар жады деп аталатын Т-клеткалары да қамтамасыз етеді.
Ағза жаңа, белгісіз инфекцияның қоздырғышын кездестірген кезде, иммундық жауапты қамтамасыз ететін қажетті антиденелерді өндіруді бастайды.
Баланың иммундық жүйесі күн сайын көптеген антигендермен кездеседі және олармен күреседі және қорғауды қамтамасыз етеді. Вакцина дозасындағы антигендер денені ешқандай жолмен ауырлата алмайды және КВИ-ге қарсы нақты иммундық қорғаныс өндіруге бағытталған.
Бүгінгі таңда біздің елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау ДДҰ мақұлдаған және 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға ұсынылған жалғыз вакцина болып табылатын «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) жүзеге асырылады. Екпе медициналық мекемелер мен мектепте салынады. Оның өзінде, ата-аналар баласына екпе салдыруға жазбаша түрде рұқсат беруі тиіс.
Республикада көрсетілген контингенттерге вакцинация жүргізу 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау ұсынылған басқа елдердің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндістан, БАӘ) тәжірибесіне негізделген.
Вакцинация алдында жасөспірімді медицина қызметкерлері міндетті түрде тексереді. Қан қысымын, дене қызуын өлшейді. Старуциясын қарайды. Баланың жалпы жағдайын бақылайды.
Клиникалық көрсеткіштер анықталған жағдайда жасөспірім қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулерге жіберіледі.
- Ата-аналардың баланы вакцинациялаудан бас тартуы неге әкеледі?
- Баланы егуден бас тарта отырып, ата-ана өз баласын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» заңда айқындалған Қазақстан Республикасының Конституциясында (29-бап) кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырады және оны вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру тәуекеліне ұшыратады, балаларда КВИ ауруының қаупін және бастан өткерген КВИ-дан кейінгі асқынулардың (Кавасаки синдромы) даму қаупін едәуір арттырады.
Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер КВИ-ға қарсы вакцинациялауға емдеуші дәрігерден кеңес және рұқсат алғаннан кейін жіберіледі. Егер жасөспірімде созылмалы аурулар болса, вакцинация ремиссия кезеңінде жүргізіледі.
- Биыл балалар мен жасөспірімдер арасында коронавирус жұқтырғандар саны артты, мұның себебі неде деп ойлайсыз?
- Бүгінгі күні КВИ жұқтырған балалар саны бес есеге артты. Ата-аналар баласына екпе салдыруы керек. Бұл балаларды коронавирус инфекциясынан қорғауға көмектеседі. Осыны естен шығармаған абзал. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасы мен сақтық шараларын сақтау керек.
- Балада қандай асқынулар болуы мүмкін?
- Бала бірнеше күн жанама әсерлерді сезінуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Әдетте 12-ден 48 сағаттан кейін басылады. Екінші дозадан кейін кейбір балаларда ешқандай жанама әсерлер болмайды.
– Әңгімеңізге рахмет!


Соңғы жаңалықтар