Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Оқушыларды театр өнеріне тартуға арналған пилоттық жоба іске қосылды

2022 жылғы 7 маусым 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында «Балалар мен театр» атты ағартушылық пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскелең ұрпақты театр өнеріне тарту мақсатында арнайы ұсынымдар әзірленді. Онда оқушылардың театрларға тегін және жеңілдікпен баруы қарастырылған. Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында жергілікті бюджет есебінен оқушыларды жеңілдетілген театр абонементімен қамтамасыз ету бойынша «Балалар мен театр» ағартушылық пилоттық жобасы іске қосылды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында аталған жоба аясында 7 мыңға жуық оқушы театрға барды. Осы жобаны одан әрі жалғастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының білім және мәдениет басқармасы екіжақты меморандумға қол қойды», - деді Гүлмира Кәрімова ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында.

Комитет басшысының айтуынша, балаларды өнерге баулу бағытындағы жұмыс жалғасады.

«Бүгінгі таңда «Астана опера» театрына 300 оқушы тегін барды. Бұл жұмыс жаздыгүні жалғасын табады. Ал Алматы қаласында 10 мыңға жуық оқушы 222 туындыны тамашалады», - дейді ол.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар