Оқушыларды құтқарып, өзі апатқа ұшырады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма қызметкері оқушыларды құтқарып, өзі жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның мәліметтерінше, жол апаты бүгін сағат 8:00-де орын алған.

«Біздің қызметкеріміз Шу даңғылы мен Осмонқұл көшесінің қиылысында балаларға жолдан өтуге көмектесіп тұрды. Өздеріне қарай жақындап қалған жүк көлігін көрген ол екі баланы құтқару үшін машина алдына жалма-жан кесе-көлденең тұра қалған. Қатты соққы салдарынан жарақаттанған қызметкер ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Қазіргі кезде жүргізуші ұсталып, оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар