+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Оқушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қоюға мәжбүрлеп жатыр - фейк

2021 жылғы 9 қыркүйек 15:56
Бөлісіңіз:
Оқушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қоюға мәжбүрлеп жатыр - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ата-аналар оқушылардың қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен таныстырылып жатқанына алаңдаулы. Кейбіреулерінің пікірінше, ережелермен танысу фактісін растап, журналдарға қол қою балалар үшін қауіпті. Мұндай бланк ретінде оларға КВИ-ге қарсы вакцинацияға келісім берілуі мүмкін. Бұл мәлімет - жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың алаңдаушылығын сейілтті.

Ведомствоның хабарлауынша, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды.

Сонымен қатар, нұсқаманы өткізу оқушылардың құқықтарын бұзу болып табылмайды.

– Нұсқаманы өткізу туралы міндетті түрде Кіріспе нұсқамалық тіркеу журналына жазылады. Әрбір нұсқама кезінде журналды толтыру міндетті болып табылады. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаманы өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушы мен оқушылардың қолдары болуы тиіс. Журналдағы ақпарат ата-аналардың құқығын бұзбайды, өйткені оқушының қолы оның әртүрлі жағдайларда қауіпсіз әрекет ету шараларымен таныс екенін растайды», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Білім ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Осы бұйрықтың 18-тармағына сәйкес мектеп жоспарлы түрде профилактикалық тексерулер, вакцинация немесе басқа да медициналық қызметтер көрсету кезінде жазбаша ақпараттандырылған келісім алуға немесе медициналық араласудан бас тартуға көмек көрсете алады.

Мұндай құжатқа кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі қол қоюы керек.

Қорыта айтқанда, мектептерде КВИ қарсы вакцинациялау келісімі бланкін Кіріспе нұсқаманы тіркеу журналы деп беріп, балаларды өз бетінше егілуге рұқсат беруге мәжбүрлемейді.

Біріншіден, мұндай әрекеттер заңсыз, екіншіден, журнал медициналық процедураларды жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанынан мүлдем өзгеше.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT