Оқушылар жаңа оқу жылынан бастап онлайн білім алуы мүмкін бе

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова мектептерді қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептерді немесе қандай да бір білім мекемесін қашықтан немесе жартылай қашықтан оқыту форматына көшіру оқу жылы басталуға жақын қалған кездегі жағдайға байланысты қаралады. Бұған дейінгі уақытта науқастанудың артуы әртүрлі ұзақтықта болды. Бізде вирустың соңғы өршіген кезі - 20 маусым. Қазіргі уақытта дәл қыркүйек айында жағдайдың қалай өрбитінін айта алмаймыз», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, коронавирустың өршіген кезі 2 аптадан 2 айға дейінгі мерзімді қамтыған кезең болды.

«Ал оқыту қандай форматта өтетінін шамамен тамыз айының екінші жартысына қарай ғана айта аламыз. Бірақ, жағдай сол уақытта балалардың арасында аурудың қаншалықты таралуына байланысты болады», - деді Роза Қожапова.


Соңғы жаңалықтар