Оқушылар үшін шкаф алуға қосымша қаржы бөлуді сұрап отырмыз – Асхат Аймағамбетов
«Егер барлығы да бұйрықтар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылатын болса, онда әрине жағдай мүлдем басқаша болар еді. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын жергілікті атқарушы органдарға ауыл суға арналған субұрқаққа, оқушылардың оқулықтарын, ауыстырып киетін аяқ киімін, басқа да заттарын қалдырып келетін шкафтарға ақша қарастыруды өтінген едік. Қазіргі уақытта бұл процесс айтарлықтай қарқынды жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл проблема 100 пайыз шешілді деп айта алмаймыз», - деді министр.
Оның атап өтуінше, министрлік жергілікті атқарушы органдардан келесі жылғы бюджетте оқушыларға арналған шкафтар орнатуға қосымша ақша қарастыруды өтініп отыр.
«Шындығында да бұл өте маңызды мәселе. Жалпы, шкаф мәселесін бір министрліктің бюджетімен шешуге болатын болса, әрине оны біз бір күннің ішінде шешетін едік. Бұл кешенді мәселе», - деді Асхат Аймағамбетов.