Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады - Аймағамбетов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Президенттің сайлауалды бағдарламасында балалардың денсаулығына ерекше назар аударылған.

«Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Олардың әдістемелік және мазмұндық жағы да қарастырылады. Балаларды үйірмелермен және секциялармен қамтамасыз ету үшін бұрын соңды болмаған іс-шаралар көзделген. Кемінде 100 жаңа ірі нысан, яғни оқушылар сарайларын, жас техниктер стансаларын, балалар технопарктерін, музыка және өнер мектептерін салу жоспарланып отыр. Бұл мектептен тыс ұйымдардың балалардың тұратын жерінен қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді», - деді ол.

Министр орта білім бойынша қажетті оқу материалдарын цифрлы форматқа көшіру арқылы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілетіндігін айтты.

«Экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін қайта қарау жоспарда бар», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар