USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Оқушылар үшін 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды - Асхат Аймағамбетов

2020 жылғы 14 шілде 12:02
Бөлісіңіз:
Оқушылар үшін 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды - Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйекке дейін аймақ әкімдіктері қосымша компьютер сатып алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атады Қазақ жастары Түркия университетінде діни білім алады Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы

«Жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталғанда дәстүрлі оқу форматына қайта көшу-көшпеу жағы белгілі болады. Бұл жұмыс эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қашықтан оқуға дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқаны өте маңызды. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында көптеген мәселеге тап болдық. Ол кезде жіберілген қателіктерді осы жолы ескереміз», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компьютерге қатысты ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

«Бізде ескірген компьютер көп. Қажет ететін оқушыларға уақытша бере тұруға болатын компьютер аз. Сондықтан қазіргі уақытта 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды. 1 қыркүйекке дейін аймақ әкімдіктері қосымша компьютер сатып алады. Бүгін Үкімет отырысында осындай тапсырма берілді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT