Оқушылар Jibek Joly арнасындағы жаңа жобаға қатысып, білім грантын ұтып ала алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең, 22 сәуір күні Jibek Joly телеарнасында «En Aqyldy» зияткерлік жаңа жобасы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Телевикторина 12-16 жас аралығындағы дарынды оқушылар арасында өткізіледі.

Әр ойынға 6 бала қатысады. Ширек финалға екі оқушы өтеді.

Жобаның финалистеріне еліміздің үздік жоғары оқу орындарының білім гранты беріледі.

Бүгінде жеңімпаздарға Алматыдағы Қ.Сәтбаев университеті екі грант ұсынуға әзір. Сонымен бірге, өзге де жоғары оқу орындарымен келіссөз жүріп жатыр.

Бағдарлама сенбі күндері сағат 11:00-де орыс тілінде, ал жексенбіде дәл осы уақытта күндері қазақ тілінде шығады.



Соңғы жаңалықтар