Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады – фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Білім министрі мәлімдеуінше, оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады», деген ақпарат жалған. ҚР Білім және ғылым министрлігі желіде таралған осы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар