кеше 18:10 Атыраулық оқушы қыз асау үйретіп, ат үстінен садақ атады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық мектеп оқушысы Дария Болат асау үйретіп, ат үстінен садақ атады. «Жаужүрек мың бала» киносын көргеннен кейін әке-шешесінің қолдауымен тай сатып алған. Өзі қолға үйреткен тайды бәйгеге қосқан. Қазір бәйге, қыз қуу, жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлеріне қатысып жүр. «Атқа мінудің пайдасы өте көп. Біріншіден, көңілің көтеріліп, сергек жүресің. Екіншіден, бұл – біздің халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті» деген оқушы қыз Қамбар ата тұқымына қызығушылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 08:58 Қазақстандық 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17.03.2023 05:00 СҚО полицейлері оқушыларға жол реттеушісінің белгілерін үйретіп жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Бала және бағдаршам» акциясы аясында полицейлер оқушыларды жол реттеушісінің қимылдарын түсінуге үйретіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 19:05 Шығыс Қазақстан облысында ауыл оқушылары көз протезін жасады АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауылының оқушылары көз протезін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16.03.2023 12:21 Ақтөбеде су астында қалған ауылдың балалары сабақты онлайн оқып жүр АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі Қобда ауылында бірнеше мектеп балалары сабақты онлайн оқып жүр. Олар 14 наурыздан бастап қашықтан оқуға көшкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 14:53 Былтыр балалар арасында суицидтің 155 фактісі тіркелді АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы балаларға қатысты жыныстық сипаттағы 719 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 12:38 Қазақстанның 1 384 елді мекенінде мектеп жоқ АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 1 384 елді мекенде мектеп жоқ. Ондағы 34 644 оқушы өзге елді мекендерден қатынап білім алып жүр. Оқу-ағарту министрлігінің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында осындай дерек берілген.
15.03.2023 12:23 Былтыр жол апатынан көз жұмған балалар саны 24% артқан АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр жол апатындағы бала өлімі 24% артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 12:00 Елдің қай аймақтары балалар үшін әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз саналады АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 11:34 Сыныптастарын балтамен жарақаттаған петропавлдық оқушы неге үйден оқымады АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігіндегілер Петропавл қаласындағы мектептестерін жарақаттаған баланың неге психологиялық жағдайына байланысты үйден оқымағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 11:06 Министрлік жол қауіпсіздігін мектепте жеке пән ретінде оқытуды орынсыз деп есептейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті жол қауіпсіздігін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды орынсыз деп есептейді. ҚазАқпараттың министр атына жолдаған сауалына комитет басшысының міндетін атқарушы Зәуре Байменованың қолымен жолданған жауапта осындай ұстаным айтылған.
15.03.2023 08:23 Көкшетауда бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығында бастауыш сынып оқушылары бүгін үйден білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
14.03.2023 20:41 Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника жарысында жоғары марапатқа ие болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына қазақстандық оқушылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу министрлігіне сілтеме жасап.
10.03.2023 07:43 Сабақ кезінде оқушы мен мұғалімнің ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 17:50 Астаналық оқушылар Microsoft компаниясынан грант ұтып алды АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups компаниясынан 550$ грант ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.03.2023 12:33 Қазақстанда мектеп оқулықтарын кім жазады АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде оқулық әзірлеу және басып шығару жұмысы бәсекелі ортаға берілген. Осыған сәйкес қазіргі уақытта оқу әдебиеттерін авторлық ұжымы қалыптасқан баспа үйлері әзірлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.03.2023 17:45 Түркістан облысында үш жасар бүлдіршінді құтқарған жасөспірім марапатталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында суға батқан үш жасар бүлдіршінді құтқарған жасөспірім марапатталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды батыр баланы қабылдап, бағалы сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.03.2023 18:24 Түркістан облысында оқушы суға батқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында үш жасар бүлдіршін байқаусызда арыққа құлап, тұншығып қалған. Бұл жағдай Мақтаарал ауданының Абай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.03.2023 11:47 Ақтөбеде 5 оқушы отырған көлік апатқа ұшырап, біреуі қаза тапты АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде оқушылар жол-көлік апатына түсті. Біреуі көз жұмып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.03.2023 11:49 Тараздық оқушы өрт сөндіруші робот құрастырды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназия оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.