Оқушы мектепке KFC әкеліп жей ала ма – министр жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үйінен тамақ әкелетін оқушылардың асханада тамақтануы қалай реттелетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептерде бұл мәселені бірдей түсініп жатқан жоқ, әсіресе біздің қызмет беретін ұйымдар... Сондықтан біз бұл мәселені бөлек бекітіп қойдық, егер балалар үйінен тамақ әкеліп, соны ішем десе, асханалардан тиісті бір орын беріп, оларға ешқандай кедергі жасамау мәселесін қарастырып отырмыз. Негізі мұнда ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Бұл балалардың мүддесі үшін қарастырылып отырған шешім», - деді министр.

«Бұл балалар арасында теңсіздік туынддатпай ма? Біреу нан әкеліп отырғанда, біреу KFC әкеліп отыруы мүмкін емес пе?», - деп сұрадық БАҚ өкілі.

«Мектепте тамақтанудың тииісті ас мәзірі бар. Балалардың тамақтануының мектептегі тиісті талаптары бар. Сол талаптарға сәйкес болады деп ойлаймын. Ондай мәселеге әкетуге болмайды, ондай мәселе болмайды деп есептеймін», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар