Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Оқулық дайындаушылардың өздері даярлықтан өтеді

2019 жылғы 14 маусым 17:27 466
Бөлісіңіз:
Оқулық дайындаушылардың өздері даярлықтан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мектеп оқулықтарын дайындау тәртібі өзгеруі мүмкін. Осы жайында толық ақпарат алу үшін ҚазАқпарат тілшісі білім және ғылым министрлігіне сауал жолдаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар
Педагогты басы артық жұмысқа жеккендер айыппұл төлеуі мүмкін ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма

Министрліктің жауабына сүйенсек, оқулықтарға деген талаптың өзгеруіне байланысты оны дайындайтын сарапшылардың құрамы жаңартылмақ. Сарапшылар тізімі баспа өкілдерінен құпия сақталуы да мүмкін.

«Жаңа өлшемдерді ескере отырып, сарапшылар базасын жаңарту және оның құпиялығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оқулықтағы қателерге мониторинг жүргізіледі. Кеткен қателік кітапты шығарған баспа есебінен жөнделіп, қайта басылады. Осы туралы оқулық дайындау ережесіне өзгерістер енгізіледі», - делінген ресми мәліметте.

Министрліктің мәліметі бойынша, биыл шілде мен қарашада оқу әдебиетінің 600 сарапшысы, «Оқулық» орталығының 300 сарапшысы, сондай-ақ пәндік комиссия мүшелері мен бастауыш білім беру оқулықтарының сарапшылары біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Ал 2020-2021 жылдары Дүниежүзілік банк жобасы аясында оқулықтар сапасын бағалау саласындағы 1000 сарапшы үшін де осындай курстар ұйымдастырылмақ.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT