Оқу жылының басталуына қарай қосымша теміржол және әуе рейстерін ашу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқу жылы басталар кезде қосымша теміржол және әуе рейстерін іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігі жалға берілетін тұрғын үйдің қымбаттауы да әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, теміржол көлігі мен авиа билеттердің қымбаттауын және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын атап өткім келеді. Бұл – кешенді мәселе. Сондықтан, бірнеше ұсынысымыз бар», - деген министр оқу жылы басталар кезде билет тапшылығын реттеп, бағасын қымбаттатпауға күш салу қажеттігіне назар аударды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлігімен тасымалдау үшін, әсіресе тамыз айының соңы мен қыркүйек айында қосымша рейстерді ашу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгіземіз», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар