Оқу жылына дайындық: Қыз баланы киіндіру ұлға қарағанда қымбатқа түседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оқу жылының алдында «ҚазАқпарат» тілшісі баланы бірінші сыныпқа даярлауға қанша шығын жұмсалатынын есептеп шықты.

Бастапқы баға 26 мың теңгеден басталады. Мектеп формасын сататын саудагерлердің айтуынша, қазіргі таңда мектепке арналған форманы тиімді бағада сатып алатын белгілі уақыт жоқ. 

null«Бұған дейін солай болған. Бұрын тамыз айында жәрмеңкелер өтіп, мектеп құралдары  арзандайтын. Қазір тауарлар өте көп. Біз мектеп формасын жыл бойы сатамыз. Олардың жаңа түрлері мамырдың соңынан бастап  қазан айына дейін келе бастайды. Тиісінше өткен жылғы киімдер, мысалы ер баланың киімі  5 мың теңгеден  төмен тұрады. Бірақ барлық өлшемдері бола бермейді. Қазір көп  ата-аналар  екі шалбары бар костюмді алады. Олар 15 мың теңге  тұрады. Ал қыз балалардың сарафаны 8 мың теңге», - деді «Ақ бұлақ» сауда орталығының сатушысы

nullСауда дүкендеріндегі бағаларды сараптап отырып, ұл балаға қарағанда қыз баланы киіндіру қымбатқа түсетіндігі анықталды.

«Қыздардың шығыны екі  есе көп. Себебі оларға бантик, шаш бұйымдары керек. Шұлықтарды артығымен алып қою қажет. Мұндай ұсақ түйектер 3000 мың теңгеге шығады. Бала есейген сайын заттардың саны, соған сай құны өсе бастайды»,-  деді Алматы қаласының тұрғыны.

null1 сынып оқушысын мектепке дайындау үшін  26 мың теңгеге шығындаласыз. Бұл сомаға кіретін ер баланың ақ жейдесі  2500 теңге тұрса,  5000 теңгеге костюм шалбары мен жилетімен, 5000 теңгеге дене шынықтыру пәнінен арналған костюм, 3000 теңгеге кроссовка, 4500 теңгеге туфли алуға болады. Қалған ақшадан 3500 теңге қажетті оқу-құралдарына жұмсалады. Мектепке арналған сөмке шамамен 2500 теңге тұрады. Қыз балаға бұл заттардан бөлек, қосымша бантик пен шұлықты қосыңыз. Сонда шығын көлемі 29 мың теңгеге жетеді. Тасымалдаушылардың айтуынша, мұндай бағаға тек Қытай мен Түркиядан әкелінген тауарлар түседі.

nullЕгер Ресей мен Польша өнімдерін алғыңыз келсе артықтау төлейсіз.

nullАлматыда ірі сауда орындарында мектеп формаларының бағасы қыркүйек айында төмендейді. Алайда бұл уақытта барлық өлшемдері мен ұнайтын түрлері  табыла бермейді.

nullАлматыда ірі сауда орындарында мектеп формаларының бағасы қыркүйек айында төмендейді. Алайда бұл уақытта киімдердің барлық өлшемдері мен түрлері  табыла бермейді.

null«Біз мектеп формасын жыл бойы көтерме бағада сатып аламыз. Қазірдің өзінде ата-аналар балаларын мектепке дайындауды бастап кетті. Тұтынушыларымыз дисконт картаның көмегімен науқандық сатылымға қатыса алады. Қазір тауарларға 5-10% жеңілдіктер қарастырылған. Қыркүйек айында тауарларға  70 % жеңілдік болады, бірақ бұл кезде 7-ден 12 жасқа дейінгі балалардың өлшемін табу қиынға соғады. Біздің дүкенде қыз баланың костюмі 25 мың теңге, ер балалардың костюмі 36 мың теңге тұрады»-, деді фирмалық дүкеннің әкімшісі Айгерім Мұсаева. 

nullФирмалық дүкендерде жейденің бағасы 6 мыңнан 8 мыңға дейін, рюкзактар 7 мың теңге тұрады. Ал биылғы жылдың жаңа тауарлары, мектепке киетін сарафандар  10 мыңнан 25 мың теңгеге дейін жетеді.

nullnull

Соңғы жаңалықтар