Оқу жылы басталғалы елордада 89 мектеп карантинге жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда елордадағы 22 мектепте карантин жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында барлығы 1234 Covid-19 инфекциясы тіркелді. Оның ішінде 295-і немесе 23,9%-ы офлайн оқу режиміндегілер арасында, 939 жағдай немесе 76% қашықтан оқитын оқушылар арасында тіркелді. Оқу жылының басынан бастап елорда бойынша барлығы 89 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі таңда 22 мектепте карантин жалғасуда», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Еске сала кетсек, бұған дейін жыл басынан бері елордада 7 603 адам коронавируспен ауырғанын хабарлағанбыз.

Елордада Covid-19-бен сырқаттану деңгейі 9,9% артқан.

Соңғы тәулікте Covid-19 инфекциясының 112 жағдайы тіркелді.


Соңғы жаңалықтар