Оқу үлгерімі төмен «Болашақ» стипендиясының иегерлері мемлекетке 300 млн. теңгеден астам қаржы қайтарады

None
None
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Оқу үлгерімі төмен «Болашақ» стипендиясының иегерлері мемлекетке 300 млн. теңгеден астам қаржы қайтаруы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай өткен баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, стипендианттың оқуға деген қауқарсыздығын көрсететін деңгей қарастырылған. Мәселен, АҚШ-та жалпы балдан шекті деңгей 4 балды құрайды. Егер ол 2 балдан төмендесе, онда стипендияны сақтау мақсаттылығы мәселесі төтесінен қойылады. «Бұндай жағдайлар бізде бар. Осы орайда бұл мәселе Білім және ғылым министрлігі жұмыс тобының қарауына шығарылады, содан кейін оларды республикалық комиссия қарастырады. Онда жұмсалған барлық қаржыны өтеу талабымен «Болашақ» иегері стипендиядан айырылады»,-деді ол. Қазіргі кезде осындай 40 оқиға тіркелген. Олардың 90 пайызы орталықпен бекітілген келісім аясында қаржыны өз еріктерімен қайтаруда. Олардың берешек жалпы қаржысы 323 миллион теңгені құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар