Оқу сағаттарын бөліп бергені үшін ақша алған – Екібастұзда мектеп директоры күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің директорына қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп директорының үстінен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу сағаттарын бергені үшін мектеп кітапханасының меңгерушісінен заңсыз ақшалай сыйақы алуда күдікке ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.

Тергеу аяқталып, айыпталушыны сотқа беру туралы мәселені шешу үшін іс материалдары прокуратураға жіберілген.


Соңғы жаңалықтар