Оқу-ағарту министрі мектептегі тапшы мамандарды атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі кадр тапшылығы мәселесін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін айтқанымдай 2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп ашу міндеті тұр. Осы орайда жаңа мектептерді салу бір мәселе болс, екінші жайт сол мектептерді қажетті кадрлармен қамту. Бұл өте маңызды. Біздің санауымызша, жаңадан ашылатын мектептерге кем дегенде 100 мың педагог керек. Бұл бағытта біз қазір жұмыс істеп жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов елордадағы №86 мектеп-гимназияда өткен алғашқы қоңырау салтанатты шарасы барысында тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, министр мектептерде қандай пән мұғалімдерінің жетіспейтіндігі туралы айтты.

«Қазір бізде бастауыш сынып, сонымен қатар математика, физика, химия пәні мұғалімдеріне үлкен қажеттілік туындап тұр. Осы орайда мемлекеттік гранттардың санын көбейтіп жатырмыз», - дейді ол.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов үш ауысымды мектептердің бес күндік оқу форматына көшпейтінін мәлімдеген еді.

Одан бөлек, аталған ведомство басшысы 2025 жылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасының толық шешілетінін айтты.

Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған оқушылардың ЖОО-ға тегін түсе алатыны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар