«Октябрьское поле» метросының қасында қолына баланың басын ұстаған әйел ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі «Октябрьское поле» метросының қасында бұған дейін өртенген пәтерде бассыз денесі табылған баланы өлтірді деген күдікпен күтуші әйел ұсталды. Ұсталған әйелдің қолында баланың қанға боялған басы болған, деп хабарлайды РБК.

Мәскеу қаласының солтүстік-батысында орналасқан пәтердегі өртті сөндіріп болғаннан кейін ішінен кішкентай баланың мүрдесі табылған, деп баяндады РБК-ға ТК МТБ-ның Мәскеу қаласы бойынша ресми өкілі Юлия Иванова.

Тергеу нұсқасы бойынша, 29 ақпан күні таңда Халық жасағы көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрттен кейін шамамен 3-4 жасар баланың зорлық белгілері бар мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар