Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 25 °С
Алматы: 26 °С
USD 344.58 EUR 400.51
RUB 5.47 CNY 51.30
Жаңалықтар

ОҚО жастары халықты тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

2018 жылғы 14 наурыз 04:33 2130
Бөлісіңіз:
ОҚО жастары халықты тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында белсенді жастар су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстандағы тұрғындарға көмек қолын созуға арналған Үндеу жолдады. Облыс жұртшылығын қайырымдылыққа шақыру бастамасы Қазығұрт ауданында өткен «Кеме қалған» киелі орнының айналасын көріктендіруге арналған акция барысында қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар отшашуда бір көзінен айырылған қызды емдетуге қаржы жинап берді

Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасымен өткен шараға облыс жастары бір кісідей атсалысты. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген ауданның ақсақалдары игі бастамаға қолдау білдіріп, жалындаған жастарға ақ батасын берді. «Кеме қалған» киелі орнына жиналған мыңға жуық еріктілер 1 300 түп көшет отырғызды.


ОҚО жастары халықты тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қасиетті жерлеріміздің мерейін тасытуда. Оған дәлел, тіршіліктің басталған жері - Қазығұрттың Кеме қалған жерінің көгалдандырылып, көпшіліктің келуіне лайықты жағдай жасалуы болып тұр. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Киелі орындарымыз - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыз екенің ұмытпаумыз керек», - деді Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асанбай Омаров. 


ОҚО жастары халықты тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырдыАкция соңында облыстың белсенді жастары «Рухани жаңғыру» атты жазуды келтіріп, арнайы флешмоб ұйымдастырды. Жыл басы Наурыздың асы - наурыз көжеден дәм татып, ұлттық жөн-жоралғыларды тамашалады.


ОҚО жастары халықты тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырдыАйта кетерлігі, биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Наурыз мейрамы тіршілік көзі бастау алған киелі Қазығұрт тауының етегінде өтеді деп жоспарланған.


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат