ОҚО: Жаңа механикалық құрылғы жанармай шығынын 60 пайызға азайтпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттегі автопарктердің бірінде қозғалтқыштардың бензин және пропан газынан тұратын аралас отынмен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін механикалық құрылғы сынақтан өтуде, деп жазады жергілікті БАҚ.
«Біз аталған сынақты Қазақстанның солтүстік аудандарында қозғалтқыштарының көлемі үлкен машиналарда өткіздік. Тәжірибе оны қолдану жанармайға жұмсалатын қаржыны 45-60 пайызға үнемдеп, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайтатынын көрсетті», - дейді бұл жобаны ОҚО-да іске асырып жатқан алматылық «Green Auto Service» компаниясының директоры Р.Исаев.
«Шымкент-инновация» ЖШС директорының орынбасары А.Жалғас аталған технологияны ОҚО еуропалық инвестициялық форумдардың бірінен сатып алғанын хабарлады.
Егер алты айға жоспарланған тәжірибенің қорытындыларына оң баға берілсе, бұл құрылғымен барлық қоғамдық көлікті жабдықтау ұсынылатын болады.
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
- Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
- Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді
-
Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
-
Түркістандық полицейлер боранда жолда қалған азаматтарға көмек беруде
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам