ОҚО тұрғыны 4 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Өзін тексеру органының қызметкерімін деп таныстырған күдікті тұрғындардың 4 млн теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарырағаш аудандық ішкі істер басқармасына бірнеше тұрғыннан арыз келіп түскен. Онда азаматтар белгісіз ер адамның сенімдеріне кіріп, түрлі себептер арқылы алаяқтық әрекеттерге барған. Сөйтіп ақшаларынан алып, қашып кеткен. Бір жәбірленуші болса  жаз мезгілінде тұрмыстық заттар сататын дүкеніне белгісіз ер адам келіп, өзін тексеру органның қызметкері деп таныстырғанын айтқан. Құжаттарын тексеріп болған соң, алдау жолымен ақшасын, тауарларын алып кетіпті.       

Осы арыздардан кейін жедел-іздеу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 1987 жылы туған күдіктіні қолға түсірді. Тексеру барысында алаяқтық қылмысы үшін бірнеше рет сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда сезіктінің 7 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ, ұсталған азаматтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полицейлер 30 жастағы тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар