ОҚО тұрғындары коммуналдық қызметке 2,7 млрд теңге қарыз

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары коммуналдық қызметке 2,7 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы өңірдің коммуналдық сала мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, 2,7 млрд теңге қарызды  табиғи газ бен жылудың ақысы.  Мәселен, көгілдір отынға берешек 1 млрд 700 млн теңгеге жеткен.  Оның 700 млн теңгесі кейінгі үш айдан бері жиналған қарыздар саналады.

«Қарыздар жайында тұрғындарға күнделікті  ескерту қағаздары жіберіліп жатыр. Төлемегендерің газдары өшіріліп жатыр. Ал, бұған дейін газдан ажыратылғандар сотқа берілуде»,- «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ-ы бөлім басшысының орынбасары Асқар Молданазарұлы.

Қалған 574 млн теңге қарыз  жылудың ақысы болса, оның 76 миллионы соңғы екі жылдан бері жиналмай келе жатқан ақшалар. Бүгінде қаладағы 1 811 көпқабатты үй орталық қазандыққа қосылған.  Қарызды тездетіп өндіріп алу үшін жылу берушілер борышкерлермен күресті күшейтті. Ескеруге құлақ аспағандардың үйлерін коммуналдық жүйеден  ажыратып, істерін сотқа жолдаймыз деп отыр. 

Соңғы жаңалықтар