ОҚО: Төлеби ауданында «Балапан» бағдарламасы 74,4 пайызға орындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-ның Төлеби ауданында «Балапан» бағдарламасы 74,4 пайызға орындалды, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің ресми сайты.

Аудан әкімі Әуелхан Елтайұлының баяндауынша, жылдың соңына дейін бағдарлама толық іске асырылады. 74 пайызға жақында ауданда үш балабақшаның ашылуынан кейін қол жеткізу мүмкін болды.

«Нұр-гүл-ай» балабақшасы Жаңаұйым ауылында орналасқан, оған 75 бөбек бара алады. Сондай-ақ, Достық ауылындағы «Ару әсем» балабақшасы 100 балаға есігін айқара ашты. Екпінді ауылының 100 бүлдіршіні де жаңа балабақшаға баратын болды.

Онымен қоса, бүгін Төлеби ауданында үш фельдшерлік-амбулаторлық пункті ашылғанын атап өту керек. Олардың екеуі күрделі жөндеуден өтсе, «Бірінші мамыр» ауылдық округінде ФАП жаңадан салынды.

Соңғы жаңалықтар