АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың барлық аймақтарынан 146 кикбосшыны жинаған ҚР Кубогы жарысы Қарағанды қаласында өтті.
Бұл дода елге еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Балтабековты еске алу құрметіне ұйымдастырылған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Спорт бәсекесі 6-9 қараша аралығында Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында WAKO-KAZAKHSTAN Кикбоксинг федерациясының ережелері бойынша жеке-командалық есепте толық контакт және К-1 бойынша өтті.
Жарыс өткен төрт күннің қорытындысы бойынша ең көп алтын медальді Оңтүстік Қазақстанның атынан келген кикбоксерлер еншіледі. Жарыс иелері барлық ережелер бойынша небары үш алтын жүлдені еншіледі.
К1:
51 кг - Төлегенов Нүркен (ОҚО)
54 кг - Сапаров Нұрсұлтан (Қызылорда)
57 кг - Құдайбергенов Бауыржан (ШҚО)
60 кг - Төлегенов Әлкен (ОҚО)
63,5 кг - Нұрғалиев Қанағат (ШҚО)
67 кг - Сметенов Жанат (Павлодар)
71 кг - Сауырбаев Артур (Павлодар)
75 кг - Жақыпов Саян (Павлодар)
81 кг - Артықбаев Бабур (ОҚО)
86 кг - Ысқақов Шыңғыс (Астана)
91 кг - Смирнов Андрей (БҚО)
фулл-контакт (толық қатынас):
51 кг - Ералиев Нұрділда (Жамбыл)
54 кг - Шағбан Ерлан (Астана)
57 кг - Баязитов Руслан (Қараганды)
60 кг - Жақыпов Дәулет (Павлодар)
63,5 кг - Хамбаров Жандос (Павлодар)
67 кг - Айыпов Арман (ШҚО)
71 кг - Қасамбаев Ерсайын (Павлодар)
75 кг - Әсет Мейірлан (Атырау)
81 кг - Қанаев Ғалымжан (ОҚО)
86 кг - Жексенбі Берік (Маңғыстау)
+91 кг - Жантұрсынов Асхат (Жамбыл)
Фулл-контакт (қыздар арасында):
48 кг - Жайықбаева Айназ (Көкшетау)
56 кг - Тұяқбай Аида (ОҚО)
60 кг - Ни Марина (Қарағанды)
65 кг - Фей Александра (ШҚО)
70 кг - Братухина Екатерина (Қарағанды)