Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 29 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

ОҚО: Парамен ұсталған Ішкі саясат басқармасының экс-басшысы босатылды

2018 жылғы 14 наурыз 17:04 1731
Бөлісіңіз:
ОҚО: Парамен ұсталған Ішкі саясат басқармасының экс-басшысы босатылды

  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деп айыпталған Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Төлеген сот залынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық істі қараған Абай аудандық сотының төрағасы Сайдыбаттал Тоқбергенов айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Пара алу») бойынша кінәлі деп тауып, оған 40 547 840 теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім етті. Ол айыппұлды бір ай көлемінде төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ бұрынғы шенеунік мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.

Судьяның атап өткеніндей, басқарма басшысы бұған дейін 2 млн 100 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталған болатын. Бірақ соның ішіндегі 1,5 млн теңгені алғаны дәлелін таппады. Сондықтан бастапқыда белгіленген 42 млн теңге көлеміндегі айыппұл сомасынан 1,5 млн теңге шегерілді.

«Егер айыппұл бір айдың ішінде төленбесе үкім қайта қаралып, жаза қатаңдатылады», - деді сот төрағасы.  

Осылайша, ОҚО әкімдігінің бұрынғы қызметкері Болатбек Төлеген сот залынан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 7 қазанында жүргізуші арқылы пара алып жатқан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген ұсталған болатын. Олардан пара ретінде 600 мың теңге табылған болатын. Кейіннен басқарма басшысы 2 млн 100 мың теңге пара алмақ болған деп айыпталған еді.  Болатбек Төлеген екі айға тергеу абақтысына қамалды.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат