ОҚО-ның өнерпаздары «Burabay Summer Fest» фестиваліне аттанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Burabay Summer Fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестиваліне оңтүстіктен 32 өнерпаз аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет саласының өкілдерінің бұл сапарына облыс әкімдігі және мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, сондай-ақ мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау көрсетті.

nullАйта кету керек, аталған фестивальға бару үшін өңірде 10-16 жас аралығындағы 200-ден аса үміткер бағын сынап, 9 жанр бойынша (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән, көркемдік оқу, ұлттық музыкалық аспаптарда орындау, классикалық музыкалық аспаптарда орындау, эстраданың сүйемелденуімен музыкалық аспаптарда орындау, хореографиялық және бейнелеу өнері) өнер көрсеткен болатын. Олардың арасынан үздік деп танылған 32 үміткер енді 8 жанр бойынша ақтық кезеңге жолдама алып отыр. Жас өнерпаздардың ішінде Сарыағаш, Созақ, Ордабасы, Төле би, Сайрам, Қазығұрт аудандары және Шымкент қаласының дарынды жасөспірімдері бар.

nullЕске салайық, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі 2-11 шілде күндері Ақмола облысындағы Бурабай демалыс аймағында «Burabay Summer Fest» фестивалін ұйымдастыруда. Мәдени шараның мақсаты- дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларды жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту және орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру болып табылады. Сайыстың жеңімпаздары Астана қаласындағы гала-концертке қатысатын болады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар