ОҚО-ның Мақтаарал ауданында көкөністер, жемістер және бақша дақылдарын жинай бастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-ның Мақтаарал ауданында көкөністер, жемістер және бақша дақылдарын жинай бастады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мақтаарал ауданында өнім көлемі артты. Бүгінде 80 тоннаға жуық көкөністер мен бақша дақылдары жиналған. Осылайша, 37 мың тонна көкөніс, 41,9 мың тоннадай бақша дақылдары, 1,4 мың тонна картоп жиналды.

Осы өнімдердің барлығы сату үшін елдің көршілес облыстары мен көршілес елдерге жіберіледі. Өндірушілердің атап өтуінше, олардың бағалары қымбат емес, өте қолжетімді. Осылайша, картоп 60-65 теңгеден сатылса, орамжапырақты 20-25 теңгеге сатып алуға болады. Қызылшаның бағасы - 15-20 теңге, баялды - 160-165 теңге тұрады, қызанақты - 70-80 теңгег, болгар бұрышын - 95-100 теңгеге, мақтааралдық қиярды - 15-20 теңгеге, ал қарбызды - 30-35 теңгеге сатып алуға болады. Ең қымбат өнім - қауын 260-280 теңгеге сатылуда.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен биыл ауылшаруашылық өнімдерін салуға 136 мың гектар жер бөлінгенін хабарлайды. Соның ішінде 77,1 гектарына мақта, 26,5 мың гектар жерге - бақша дақылдары, 4 мың гектарына - картоп, ал 3,5 мың гектар жерге - басқа көкөністер егілген. Жүгеріні өсіру үшін биыл 1,2 гектар жер, күрішті өсіруге - 2,5 мың гектар жер берілсе, 12 мың гектарға сұлу егілді. Жүзімді өсіру үшін 88,17 гектар жер бөлінгенін атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар