ОҚО-ның көкпаршылары халықаралық жарыста алтын жүлдені олжалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық көкпаршылар Социалистік Еңбек Ері, танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткер А.Асқаровтың құрметіне арналған ұлттық ат спорты түрлері бойынша өткен халықаралық жарыста алтын медальдарьды олжалады.

Шымкенттік ипподромда төрт күн бойы күші мен шыдамдылығын сынаған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген тоғыз команда жарысты.

Соның ішінде оңтүстікқазақстандық көкпаршылар биіктен көрінді. Ақтық кезеңде олар Жамбыл облысының командасын жеңді. Үздік ойыншы болып Т.Айтбаев танылды.

Үшінші орынды Маңғыстау облысының спортшылары еншіледі.

Сондай-ақ жеңісті Е. Рахматилла (80 келі), Е. Бекбосынов (+90 келі) тойлады. Б.Қадыр (60 келі) мен Т. Жұмалиев (90 келі) күміс жүлдені жеңіп алды.

ОҚО-ның атынан келген спортшылардың көбі - облыстық ұлттық ат спорты мектебінің тәрбиеленушілері. Оның директоры Г.Ахметбаевтың айтуынша, республикалық телеарнадан көрсетілетін бұл жарысқа деген қызығушылық жылдан жылға өсуде. Қатысушыларының да дайындық деңгейі артып барады, деп хабарлайды yujanka.kz.

Соңғы жаңалықтар