ОҚО-ның делегациясы Ресейде Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар туралы бағдарлама түсіреді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-ның делегациясы Ресейде Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар туралы бағдарлама түсіреді.

Сталинград шайқасында батырлық көрсеткен қазақстандықтардың бастан кешкен оқиғалары жайлы сюжет Волгоград және Ростов облыстарында, Қалмақ республикасында түсіріледі. Тілшілермен бірге Ресей Федерациясына еңбек ардагері, ҚР Президентінің курстасы Марат Қыстаубаев та аттанды. Бұл қызметтік сапар «Ардагерлерді ардақтайық» - «С заботой о старшем поколении» партиялық жобасының аясында ұйымдастырылып жатыр.

Оңтүстік қазақстан тілшілері өз бағдарламасында 1942 жылдың желтоқсанында қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровтің өмірі мен ерліктері, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев туралы баяндайды. Ол 1942 жылдың қараша айында шайқас кезінде қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар