ОҚО-ның Ақтөбе ауылында жаңа балабақша ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Ақтөбе ауылында жаңа балабақша ашылды.

Ауылдық балабақшада мектепке дейінгі білімді 45 бала алып жатыр. Бұл ретте олардың ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 12-сі кәсіпкерлердің қолдауымен білім алуда. «Адамдарға көмектесу керек, кейін бәрі қайтарылады. Балабақшада орын бар, сондықтан оны төлей алмаса да, өз отбасын асырау үшін жұмыс істегісі келетіндерге неге бермеске?» - дейді балабақшаның меңгерушісі Гүлшахар Төленді.

Балабақшада барлық жағдайлар жасалған, деп айтады тәрбиешілер. Мұнда демалуға арналған бөлмелер, медициналық пункт бар, ең бастысы - мұнда жергілікті өндіріс азық-түліктерінен жасалатын экологиялық таза тамақ беріледі.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы елде жаңа балабақшалардың саны бойынша көш бастап отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. ОҚО мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мектепке дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасын орындауға бірінші болып кіріскен. Осылайша аймақта 70,1 мың бала білім алып жүрген 703 балабақша салу мүмкін болды. Айта кетейік, 2014 жылы 606 балабақшада мектепке дейінгі біліммен 62,4 мың бала қамтылған еді.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2015 жылы аймақта 108 мектепке дейінгі ұйым ашылып, енді олардың аймақтағы жалпы саны - 1524, соның ішінде тек 254-і ғана мемлекеттік болып табылады. Балабақшаларға барлығы 164,7 мың бала барып жүр.

Соңғы жаңалықтар