ОҚО-ның 65 мыңнан астам тұрғыны биылғы жылы ауызсумен қамтамасыз етіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының 65 мыңнан астам тұрғыны биыл ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында аймақта 31-ші нысанның құрысы басталды. 13-і пайдалануға берілген, тағы 18-і 2016 жылға өтті. Нәтижесінде, 929 елді мекеннің 676-сы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізген. Сутартқыш нысандарының құрылысы аяқталып, олардың 5,6 мың адам тұрып жатқан 7 елді мекенге тартылуы аяқталғаны атап өтіледі. Атап өтейік, 28 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 6,9 млрд. теңге бөлінген. Бұдан басқа, 14 елді мекенде тозығы кеткен су құбырларын жөндеу жоспарланып отыр. Барлық атқарылған жұмыс 2,371 млн. адамды ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, облыста 1303,5 шақырым жол жарықтандырылған. Бағаналарда 65 мыңға жуық шам орнатылған, тағы 63 мың қарапайым шам энергияны үнемдейтін шамдарға ауыстырылды, 851 күн батареясы да орнатылды. ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтерінше, абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстарына барлығы 955, 4 млн. теңге бөлінген. 

Соңғы жаңалықтар