ОҚО-ның 30 кәсіпкері тігін өндірісінде оқудан өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының 30 кәсіпкері тігін өндірісінде оқытудан өтті.

«Шымкент-инновация» баспасөз қызметінен хабарлағандай, тігін өндірісінің қыр-сырын меңгеруге 100 адам ниет білдірді, соның ішінде 30-ы оқытылды. «Қалғандары жылдың соңына дейін оқытылып, сондан кейін өз ісін бастай алады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Оқыту кезінде кәсіпкерлер өндірістің толық кезеңімен танысып өтті. Олар мұнда алған білімдерінің баға жеткісіз екеніне сенімді. Мұндай шеберлік сабақтарының қажет екенін оқыту алаңы болған «Гаухар» фабрикасында да мойындайды. Сабақтар ОҚО-ның тоқыма-тігін кластерінің қажеттіліктерін кадрлармен қамтамасыз етуге көмектесетіні, отандық өндірушіні қолдайтыны сөзсіз. «Гаухар» фабрикасы мен кәсіпкерлер мектебі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бұл келісім аймақтағы тігін өндірісінің дамуына септігін тигізіп, сондай-ақ бұл саладағы мамандардың санын көбейтетініне сенімді.

Баспасөз қызметінен ағымдағы жылы кәсіпкерлер мектебі арқылы оқытудан 2782 адам өткенін хабаралды. Оларға кәсіпкерлік қызметтің негіздері түсіндіріліп, бизнес-жоспарларды құру, бухгалтерлік есепті жүргізу үйретілген. Тыңдаушылардың тәжірибеден қызмет етіп жүрген кәсіпорындарда өтіп жүргені де ерекше мәнге ие.

Соңғы жаңалықтар