ОҚО минералды су шығаратын зауыты ЕАЭО нарығына шығуды жоспарлап отыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО минералды су шығаратын зауыты Кедендік одақ пен ЕАЭО нарығына шығуды жоспарлап отыр.

«Сарыағаш» минералды суын шығаратын «Курорт барс-2030» ЖШС кәсіпорны жаңғырту өткізуді жоспарлауда. Зауыт басшысы ескірген қондырғыны жаңасына ауыстыру керек деп санайды.

Бұл үшін олар Сарыағаш аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығынан көмек сұрады, деп хабарлады ОҚО кәсіпкерлер палатасында.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кеңес алып, қазақстандық банктердің бірі минералды суды бөтелкелерге құю бойынша цехта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген несие беруді құптағаны белгілі болды. Қажетті сома 80 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын банктен жылдық 14% мөлшерлемемен несие алды. Оның 10%-ы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында субсидияланады. Енді кәсіпорын үшін мөлшерлеме 4% болмақ.

ОҚО кәсіпкерлер палатасында атап өткендей, жаңғырту өткізілген соң кәсіпорында еуростандарт енгізіледі. Бұл зауыт өнімін Кедендік одақ пен ЕАЭО-ға шығаруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар