ОҚО Медицина орталығы Қазақстандағы кәсіпорындардың үздігі аталды - Ұлттық бизнес рейтингі

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Құрал-саймандарды және медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру орталығы 2011-2012 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың Ұлттық бизнес-рейтингісі бойынша 1-орын алды. Сондай-ақ орталық «Қазақстан-2013 көшбасшысы» деген дәрежеге көтерілді. Яғни, Қазақстан экономикасындағы көшбасшы кәсіпорындардың жалпымемлекеттік республикалық рейтинг-бағдарламасы бойынша арнайы атаққа ие болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ресми есептеулерге негізделген статистикалық саралаудың қорытындысында Орталық үш бірдей аталымды, атап айтқанда «активтер мен міндеттер көрсеткіштері», «пайда көрсеткіштері» және «өтімділік көрсеткіштері» аталымын жеңіп алған. Заманауи медициналық құрал-саймандармен жабдықталған орталық 2009 жылы құрылып, зарарсыздандыру процесін бір жерде орталықтандыру мәселесі шешілген болатын. Бұл дегеніңіз, меекемелердегі пациенттерге арналған медициналық құрал-саймандар мен медицинаға қажетті бұйымдардың инфекциялық қауіпсіздігіне кепілдік береді әрі инфекциялық бақылауға талапты күшейтеді. Мәліметтерге қарағанда, медицина орталығында 140 адам жұмыс істейді. Жыл сайын 90 мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындарға 170-200 млн. теңгеге 270 мыңнан аса қызмет көрсетіледі.

Үздік танылған Орталықты салтанатты марапаттауы 2013 жылғы 29 тамызда Астана қаласында мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында болады. Орталыққа «Қазақстан - 2013 көшбасшысы» ұлттық сертификаты, «2013 жылдың маманы» ұлттық сертификаты, «Қазақстан - 2013 көшбасшысы» медалі, «Тиімділігі үшін» медалі, «Қазақстан даңқы» ордені табыс етіледі деп күтіледі.

Еске сала кетейік, Ұлттық бизнес-орталығы кешенді халықаралық рейтингтік жоба болып табылады. Ұйым ТМД мемлекеттері мен Кедендік одақта кәсіпорын қызметінің тиімділігіне баға беруші коммерциялық емес жалпымемлекеттік рейтинг ретінде кеңінен танымал.

Соңғы жаңалықтар