ОҚО: Мақтаарал мен Сарыағаш тағы бес ауданға бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы - үш, Сарыағаш ауданы тағы екі ауданға бөлініп, бұрынғы аудан орталықтары қайта қалпына келтіріледі. Мұндай шешім 26 ақпан күні өткен Облыстық қоғамдық кеңес отырысында бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезектен тыс шақырылған жиында облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер және Асықата, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының шекараларын келісу мәселелері қаралды. Бұл өзгерістерді Әділет департаментінде тіркеп, заңдастыру үшін қоғамдық кеңес мүшелеріне Президент Қаулысы мен негізді ұсыныстар таныстырылды.

Тарихи маңызы басым мәселе осыған дейін облыстық мәслихаттың сессиясында да қаралған болатын. Кеңес мүшелері өз сауалдарын да нақтылауға тырысты. Сондай-ақ Шымкент қаласына көрші аудандардан елдімекендерді қосу нәтижесінде бұған дейін туындаған құжаттай және азаматтарды тіркеу проблемалары орын алмаса деген тілек ұсыныстар жеткізілді.

Фото: kz.otyrar.kz

Соңғы жаңалықтар