ОҚО-лық әнші Қарағандыдан қошеметке бөленіп қайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда «ДосSTAR» атты оперетта және мюзиклдың IV халықаралық фестивалі өтті. Оның жарқын қатысушыларының бірі - Оңтүстік-Қазақстан облысының опера және балет театрының солисі М.Кин болды, деп жазады жергілікті БАҚ.

Осы жолы вокалшылардың жарысы екінші кезекке ысырылды. Ұйымдастырушылар олардың тәжірибе алмасуына көбірек назар аударды. Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген және қазастандық орындаушылар олардың музыкалық театрларындағы жұмыстың қалай қойылғаны туралы баяндап, Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының оқытушылары жүргізген шеберлік сабақтарына қатысты, Қарағанды музыкалық комедиясының академиялық театрының даярлығын тамашалады.

Күрделі музыкалық композицияларды орындаған Павлодар және Новоурал театрлары оркестрлерінің жұмысы ерекше атап өтілді.

Қатысушыларды, әсіресе, бірде-бір әртісті гүл мен қошаметсіз қалдырмаған көрермендердің ілтипаты қуантты. Осындай ерекше ықыласқа ОҚО-лық жұлдыз да кенелді. Ф.Легардың «Страна улыбок» опереттасынан Су Чангтың ариясы мен Л.Хамидидің «Бұлбұл» операсынан үзіндіні орындағаннан кейін Маргарита гүлдің астында қалды.

Әнші театрлар фестиваліне қатысқан жетекшілерден бірнеше ұсыныс алғаны туралы айтты. Бірақ оңтүстікқазақстандық сахнаға адал ол барлығына «жоқ» деп жауап беріпті.

Соңғы жаңалықтар