ОҚО КҚКО-ның кәсіпкерлік мектебінде жаңа оқу маусымы басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсіпкерлер мектебінде жаңа оқу маусымы басталды. Жыл басынан бері мұнда білім алуға 500-ден астам адам өтінім берген. Олардың ішінде 230-ы оқыту курсын бастады. Ниет білдіргендер кәсіпкерлік негіздерін 10 күн оқиды, соның ішінде екі күн тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Шеберлік сабақтары жұмыс істеп отырған кәсіпорындар мен шаруашылықтардың базасында өтіп жатқанын атап өтейік.

Оқу кезінде тыңдаушылар бизнесті жүргізу бойынша білім алып, бизнес жоспар құруды, салық салу бойынша есептеуді, мемлекеттік сатып алулар тәртібін және тағы басқаларын оқып үйренеді.

Барлық түлектер тек білім емес, кәсіпкерлік негіздері, ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялар бойынша пайдалы материалдар жинағын, типтік бизнес-жоспарлар жинағын алады.

Бұдан басқа, курстардан кейін алған сертификаттың арқасында өз ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлер облыстық ұйымдардың бірінен төмен пайызбен шағын несиелер ала алады.

Соңғы жаңалықтар