ОҚО: Кентау жұртшылығы Тұңғыш Президент күні салтанатты түрде атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесін Кентау халқы жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қазметі. Мерекелік шарада алғы сөзді алған қала әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ташимов "Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына енді, енді алдымызға әлемнің ең қуатты 30 елінің бірі болуға қол жеткізу міндеті қойылып отыр.

Біз оған жетеміз, өйткені біз соған лайықты елміз! Бір сөзбен айтқанда, Елбасымыз ұсынған әрбір бағдарламасы осының кепілі. Елбасының өзі айтқандай, Қазақстан бүгінде Орта Азияның барысына айналып үлгерді. Ел маңдайына біткен Елбасына қандай құрмет көрсетсек те лайық." деп атап өтіп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, қаланың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар сала мамандарын алғыс хаттармен марапаттады. Осындай үрдісте қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев пен "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының бірініші орынбасары Сағынбек Асылбеков жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты жиында Елбасы жайында бейнеролик көрсетіліп, тек Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әндері шырқалды. Тұңғыш Президент күніне жиналған кентаулықтардың қарасы қалың. Жиылған жұрт әрбір шырқалған әнге қосылып, Елбасыға деген құрметтерін білдірді.

 

  

  

Соңғы жаңалықтар