ОҚО: Кентау қаласы биыл толықтай көгілдір отынмен қамтылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы жақын күндері толықтай көгілдір отынмен қамтылады. Кеншілер қаласының іргесінде бүгінде газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов қазіргі таңда қалада және қалаға қарасты елді мекендерде ішкі газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.

«Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталып, 2017 жылы аяқталды. Жобаның жалпы құны 3 млрд 842 млн теңгені құрайды. Мердігер тиісті жұмысын атқарып шықты. Бүгінге дейін 53,7 шақырым магистралдық газ құбырлары тартылды. Ендігі жерде ішкі газ құбырларын тарту жұмыстары қалды. 3 кезеңнен тұратын шаруа толығымен аяқталған соң, қала тұрғындары толық газбен қамтылатын болады», - деді Қадырхан Төлепбергенов.
null

null

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері қала аумағында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде айтқан елдегі 75 мың студентті жатақханамен қамту туралы тапсырмасы жоспарға сай орындалып келеді.
null

Бүгінде облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен қалада 300 орындық 2 жатақхана бой көтеруде. Жобаның жалпы құны 443 млн 883 мың теңгені құрайды. Соңғы үлгіде салынып жатқан студенттер үйі жоспар бойынша биыл пайдалануға беріледі. Қалада бұдан өзге тұрғын үй мәселесі де жоспар бойынша шешімін тауып келеді. Бүгінде шаһарда 2086 адам тұрғын үй кезегіне тұрған болса, қазір мұнда 60 пәтерлі 7 көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылға дейін тағы 35 үй салынатын болады деп жоспарланған. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар