ОҚО кәсіпорындарында медициналық жабдықтардың 90 пайызы жергілікті шикізаттан жасалады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы медициналық жабдықтардың 90 пайызы жергілікті шикізаттан жасалады.

Бұл туралы «СК-Фармация» басшысы Нұржан Әлібаевқа медициналық жабдықтарды шығару зауытында айтып берді. Ол кәсіпорын ассортиментін ғана емес, өндірістің бүкіл үдерісін мұқият қарастыруда. Оның компаниясы бүкіл ел үшін тек дәрі-дәрмектерді ғана емес, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемінің аясында медициналық жабдықтарды сатып алып жүргендіктен, аздаған жайттар туралы білуі керек екенін айтып отыр.

Кәсіпорында УДЗ аппараттары, тіпті ота жасау блоктары шығарылып жатқанына 7 жыл болды. Өнім қазақстандық ауруханаларға жеткізіледі. Шикізаттың көп бөлігі жергілікті жерден алынады, 10 пайыздан аспайтын бөлігі ғана сатып алынады.

Кәсіпорынның қонақтары жедел медициналық жәрдем автомобильдерін де бағалай алды. Реанимобильдерде ең заманауи жабдықтар орнатылған. Өткен жылы зауыт конвейерінен 150 медициналық көлік түсті. Қазіргі кезде компанияның күші қазақстандықтардың сырқаттарын дұрыс диагностикалайтын жаңа жабдықтарды шығаруға бағытталған.

Оңтүстік Қазақстанда шығарылған медициналық жабдықтарға тапсырыс ел ауруханаларынан ғана емес, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Армения медициналық мекемелерінен де келіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар