ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы екі айға қамалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында пара алу кезінде ұсталған ішкі саясат басқармасының басшысы екі айға тергеу абақтысына қамалды. Бұл туралы Шымкент қалалық Абай аудандық сотының судьясы Сержан Айнабеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судьяның сөзінше, басқарма басшысының үстінен Қылмыстық кодекстің 366 «Пара алу» бабымен іс қозғалған.

«Шымкент қаласының тұрғыны 1980 жылы туған Болатбек Төлегенов лауазым иесі бола тұра Абай ауданының аумағында жүргізушісі арқылы 600 мың теңге парамен ұсталған. Тергеу органдары осындай айып тағып отыр. Шымкент қаласы Абай аудандық соты аталған азаматты екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді», - деді судья Сержан Айнабеков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ОҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген  Болатбек Төлеген мен жүргізушісі ұсталған болатын. Басқарма басшысы 2 млн 100 мың теңге пара алмақ болған деп айыпталған еді.  Қазіргі таңда осы іске қатысты  тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар