ОҚО «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда Республикада көш бастап тұр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 900-ден астам маман ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 303 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік бағдарламаны орындауда облыс республикада көш бастап тұр.

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, өткен жылы өңірде 33 мыңнан астам жас жұмысқа орналасса, оның ішінде 18,2 мыңы ауыл жастары  болып табылады. Сондай-ақ, былтыр 216 жасқа тұрғын үй берілген.

«Бүгінгі таңда облыста 750 мыңнан астам жас бар, бұл өңір халқының 26 пайызы. Қазір аймақта жастарға арналған 57 қоғамдық бірлестік, 7 республикалық жастар ұйымдарының филиалдары мен 20 этномәдени орталықтың жанынан жастар қанаттары жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждерде - 41, ал кәсіпорындарда - 13 жастар ісі комитеттері бар. Онда 400 мыңға жуық жас мүшелік етеді», - деді Балмаржан Полатқызы. 

Бұдан өзге, Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Серпін» бағдарламасы бойынша Оңтүстіктен 7500-ден астам жас Солтүстік өңірлердегі оқу орындарында білім алуда. Осылайша жалпы республика көлемінде бөлінген 15 мыңға жуық гранттың 50 пайыздан астамын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иеленген.

Соңғы жаңалықтар