ОҚО-дан 14 жастағы Карина Нәжімеддинова Эстонияда өткен вокалдық байқауда бірінші сыйлық лауреаты атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияда өткен ІІ ашық халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған вокалдан "Soprus" фестиваль-байқауында 14 жастағы Карина Нәжімеддинова бірінші сыйлық лауреаты атанды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Байқауға әлемнің әр елінен 50 конкурсант қатысты. Бұл фестивальда халықаралық қазылвар алқасы құрамында облыстық опера және балет театрының әншісі Алексей Скибин болды.

Карина Ж. Омаров атындағы №1 музыкалық мектебінің оқушысы. 2015 жылы жас қыз Шымкентте дәстүрлі түрде өткен қазақ романстарын орындаушылардың XVIII ашық өңірлік байқауының «балалар романсиадасында» гран-при иегері атанған. А. Скибин Каринамен бірге Таллин, Маарду, Тарту қалаларында өткен концерттік бағдарламаларға қатысып, эстон тыңдаушыларына қазақ классикалық музыкасын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар