ОҚО-дағы зорлау оқиғасы: 7 жасар баланы сараптамадан өтуге Алматыға алып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Оңтүстік Қазақстан облысында зорлау қылмыстық ісі бойынша өтіп жатқан жәбірленуші баланы туыстары Алматыға алып кетті. Онда дәрігерлер 7 жасар жеткіншекті тексеріп, тәуелсіз сараптамадан өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жәбірленушінің қорғаушысы Құрманғазы Мүсір мәлім етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай ауылында бірінші сынып оқушысын зорлау оқиғасына қоғам белсенділері араласа бастады. «ДОМ» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайннің айтуынша, олар баланы жетекші мамандарға қайта тексертіп, тәуелсіз сараптама жасататын болады.

Құрманғазы Мүсірдің сөзінше, бүгін жеткіншек тұратын ауылға Астанадан Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаты Зағипа Балиеваның тапсырмасымен мониторингілік топтың өкілдері келген. Топ құрамындағы заңгер мен психолог жәбір көрген бала мен әжесімен тілдесіп, мән-жайды сұрастырып білген.

«Астанадан келген азаматтар өздерінің кәсіби жұмыстарын жүргізіп, баламен де, әжесімен де кездесті. Өздерінің көмегін ұсынды. Бірақ біз олардың көмегінен бас тартуға мәжбүр болдық. Себебі, бұған дейін өздерінің көмегін ұсынған «ДОМ» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайнға барамыз деп уәде беріп қойғанбыз. Қалай болғанда да біз мониторингілік топтың көмегінен қашпаймыз, қажет болған жағдайда оларға хабарласамыз», - дейді ол.

Қорғаушының айтуынша, сондай-ақ бүгін таңертең Абай ауылына облыстық ІІД-ден баланы әжесімен бірге алып кетуге тәртіп сақшылары келген. Алайда жәбірленуші тарап облыс орталығына барудан бас тартқан.  
null 

«Бүгін таңертең полиция келіп, жәбірленушілерді Шымкентке алып кетпекші болды. Полковник Дәлбековтың бұйрығымен келіп тұрмыз деп түсіндірді. Бірақ оған келісімімізді бермедік», - дейді ол.

Айта кетейік, 7 жасар баланы ұру және зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның тергелуін ОҚО ІІД басшылығы өз бақылауына алған болатын.

Бұдан бөлек, Құрманғазы Мүсір бүгін Абай ауылына Астанадан Бауыржан Адамов есімді қорғаушы келгенін айтты. Жәбірленуші тарап заңгердің көмегін қабылдауға келісімін берді.

null 

Соңғы жаңалықтар