+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ОҚО-дағы той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде

2017 жылғы 3 тамыз 11:27
Бөлісіңіз:
ОҚО-дағы той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Салтанат Бегімбайқызының сөзінше, қазір ЖПП қызметкерлері барлық бейне түсірілімдерді қарап шығып, ондағы көліктердің кімге тиесілі екенін анықтауда. Сондай-ақ бейнежазбадағы тікұшақ та полицейлердің басты назарына алынған. Әуе кемесінің тым төмен әрі көліктерге жақын ұшуы қаншалықты тиісті талаптарға сай келетіні тексерілетін болады.

ОҚО-дағы той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде

Ал, әзірге тікұшақтың кортежбен бірге жүруі барлық әлеуметтік желілерді шулатып жатыр.

Бейнежазбаға қарағанда, Bentley, Lexus және Land Cruiser көліктерін жалдаған той иесі бай, ауқатты болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшыларына оларды табу аса қиынға соға қоймас.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT