ОҚО-дағы парақор полицейлерді ұстау бойынша арнайы шараның жаңа деректері пайда болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ОҚО-да жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы шарасы кезінде тіркеу-емтихан бөлімшесінің қызметкерлері, бір топ полицей ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев хабарлады.

«ОҚО-да ауқымды шара өткізгенімізді білесіздер. Бұл ІІД қызметіне қатысты. Тіркеу-емтихан бөлімшесі бар екенін білесіздер. Онда жемқорлық өршіп тұр», - деді А. Шпекбаев Қарағандыдағы кеңейтілген кеңесте.

Оның сөзіне қарағанда, ұсталғандардың ішінде бөлімше басшысы мен мамандары бар.  

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары ұсталған полицейлердің санын айтпады.

«Тоғыз мүше ұсталып, құжаттары мен мөрлері тартып алынды. Алдағы уақытта толығырақ ақпаратты береміз деп ойлаймын», - деп қосты А. Шпекбаев.

Жемқорлыққа қарсы ведомствосының ақпаратынша, 2014 жылдан ел бойынша полицейлерге қатысты 143 қызметтік және жемқорлық қылмыс тіркелді. 59 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар