ОҚО-дағы мектептердің біріне Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілді
2017 жылғы 25 мамыр 13:27

ОҚО-дағы мектептердің біріне Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласындағы №122 жалпы орта мектебіне бүгін салтанатты түрде Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілді.

«Соңғы қоңырау» мерекесіне қатысқан аудан әкімі Ғалымжан Исмаилов мектептің директорына «№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Дінмұхамед Қонаев атындағы №122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін» деген қаулыны тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, Мақтарал ауданы бойынша 125 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 122 жалпы орта, 3 негізгі орта білім беру мектебі бар. Бұдан өзге «Дарын» мектеп-интернаты ашылған.

1

2

3

4


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT